Әлем

Зеленский: Оккупацияланған барлық аймақ Украинаға қайтарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей басқыншылығынан азат етілген Изюм қаласында 14 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеме жасады. Ол Украинаның барлық уақытша оккупацияланған аумақтарын азат ететінін айтты. Азат етілетін аймақтардың ішінде даулы Қырым да бар.  Бұл туралы Bugin.kz порталы Зеленскийдің сөзіне сілтеме беріп хабарлайды.

«Біз, өкінішке орай, әлі де оккупацияда жатқан халқымызға сигнал беруіміз керек. Ал Қырым халқына айтар белгім: сіздер бізбен бірге екеніңізді білеміз. Олардың сегіз жылдан астам уақыт бойы оккупацияда болғаны – қорқынышты  трагедия. Біз Қырымға қайтарамыз. Нақты қашан екенін білмеймін. Бірақ біздің жоспарларымызда бар. Біз Қырымды қайтарамыз, өйткені бұл біздің жеріміз және біздің халқымыз», - деді Украина президенті.