Зеленский көлік апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі Киевте апатқа ұшырады. Бұл туралы Bugin.kz порталы оның баспасөз хатшысы Сергей Никифоровқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Киевте жолаушылар көлігі Украина президентінің көлігімен соқтығысты. Мемлекет басшысымен бірге келе жатқан дәрігерлер көлік жүргізушісіне шұғыл көмек көрсетіп, оны жедел жәрдемге тапсырды. Президентті медициналық тексеруден өткізді. Одан ауыр жарақаттар табылмады. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтайды», - деп жазды Никифоров Facebook-те.

14 қыркүйекте украиналық ақпарат құралдары Владимир Зеленскийдің Украинаның Харьков облысындағы Изийум қаласына келгенін хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61