Bugin
Мәслихат депутаттары қоғамдық тыңдауда Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту бастамасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгертуге 30 миллион теңгеден аз қаражат жұмсау жоспарлануда.⠀
«Иә, шығындар есептелген. Жалпы, 2019 жылы маңдайша, бланкілер мен мөрлерді ауыстыруға шамамен 30 миллион теңге жұмсалған. Биыл цифрлық құжат айналымына көшуді ескерсек, шығын әлдеқайда аз болады», - деді Нұр-Сұлтан мәслихаты. ⠀
Енді Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгерту туралы шешім үкімет пен президентке жіберіледі.