Bugin

Көлгінов Астана атауын қайтаруға қатысты пікірін білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Астана атауын қайтаруға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Әкімнің айтуынша, биыл елорданың атын өзгертуге кететін шығын 2019 жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.  

«Бізге бюджет атауын өзгерту туралы да сұрақ қойылды. Біз 2019 жылдың бюджетін қарадық, ол кезде атауды өзгерту кезінде көп құжат айналымы қағаз жүзінде болатын. Қазір біз оның көп бөлігін, барлық құжаттарды онлайн режимінде сақтаймыз, сондықтан шығындар әлдеқайда аз болады. 2019 жылы – шамамен 30 миллион теңге жұмсалған. Бұл маңдайшалар мен бланкілерді ауыстыруға кеткен шығын. Енді мәслихат мұндай шешім қабылдаса, бәрін бір күнде өзгертпейміз», - деп жауап берді Көлгінов.  

Журналистер әкімнен қаланың бұрынғы атауының қайтарылуына байланысты қандай сезімде екенін сұрады.

«Қаланың тарихына үңілу керек. Қаламыз Целиноград, Ақмола, Астана, Нұр-Сұлтан деп аталды, қазір атауы керісінше. Әр тарихи кезеңге құрметпен қарау керек деп ойлаймын. Біреу Целиноградта туды, біреу – Ақмолада өсті. Мысалы, менің балаларым Астанада дүниеге келген, қазір мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімімін, сондықтан әр кезеңге үлкен құрметпен қарау керек. Біз үшін ең бастысы – пікір. Ұсыныс жарияланды, қазір барлығы талқылап, рәсімдер жүргізіліп жатыр», - деді Алтай Көлгінов.