Bugin

Каримова жымқырған ақшаға 1400 мектеп салуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гүлнар Каримова мен оның қылмыстық серіктестерінің Франция, АҚШ, Латвия және басқа елдердегі активтері 1,3 миллиард долларды құрайды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Өзбекстанның Әділет вице-министрі Музраф Икрамовтың сөзіне сілтеме беріп хабарлайды. Оның айтуынша, бұл қаржыға 1400 мектеп салуға болады.

Швейцарияда орналасқан активтермен қатар, Гүлнәр Кәрімова мен ол басқарған ұйымдасқан топтың басқа да шет мемлекеттерден қылмыстық активтерді қайтару қарастырылуда. Бұл туралы Әділет министрінің орынбасары Мұзраф Икрамов хабарлады. Қылмыстық активтердің жалпы құны шамамен 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайды. Әділет министрінің орынбасарының айтуынша, бұл қаражат 14,3 триллион сумды құрайды және олардың есебінен 1400-ден астам мектеп салуға болады. Каримованың қай елде қанша активі барын kun.uz сайтына сілтеме беріп жариялаймыз. 

Франция Республикасы

2020 және 2021 жылдары Франция Республикасынан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті (Париж қаласының маңындағы 2 зәулім үй) сату нәтижесінде Өзбекстанға 20 миллион АҚШ долларын құрайтын қаражат қайтарылды.

Бельгия Корольдігі

Бельгия Корольдігінде де ұйымдасқан қылмыстық топтарға тиесілі активтер бар. Оларды қайтару мақсатында Өзбекстан Республикасының ресми ұйымдары мен Бельгияның құқық қорғау органдары арасында ынтымақтастық жолға қойылған.

Бельгияда тергеу жүріп жатқандықтан (тергеу құпиясы) бұл активтер туралы көп ақпаратты жария ету мүмкін емес.

Ұлыбритания

Гүлнар Кәрімова мен оның Ұлыбританиядағы серіктестеріне тиесілі 10 миллион фунт стерлинг көлеміндегі қаражат пен 3 жылжымайтын мүліктің тағдыры Лондонның Жоғарғы сотында қаралуда.

Латвия Республикасы

Латвия Республикасында да бірқатар активтер бар. 2018 жылы Өзбекстан Республикасында (Латвияда орналасқан активтерді Өзбекстанның кірісіне тәркілеу туралы) шығарылған үкімдерді Латвияның сот органдары мойындады.

Активтерге 15 миллион доллар қолма-қол ақша, 850 унция (24,1 кг) алтын сертификаттар және Ригадағы мәдени-сауық кешені кіреді.

Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы оңайлықпен атқарылып жатқан жоқ. Мысалы, Латвияда жоғарыда аталған активтерді қайтаруда қиындықтар туындайды. Осыған қарамастан, бұл елде активтерді қайтару жұмыстары қатаң дәйектілікпен жалғасуда.

Ресей Федерациясы

2021 жылдың қарашасында Мәскеу қалалық соты Мәскеуде орналасқан активтерді (6 пәтер) Өзбекстанның кірісіне беру туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта бұл жылжымайтын мүлік объектілерін ресейлік сот орындаушыларының сату процесі жалғасуда. Мәскеу қалалық соты сатудан түскен ақшаны Өзбекстан мен Ресейдің пайдасына тең үлеске бөлу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, Гүлнара Каримова мен оның қылмыстық серіктестері Өзбекстаннан заңсыз иемденіп, алып кеткен активтерді қайтару бойынша басқа елдерде жұмыс жүргізілуде. Қылмыстық активтердің жалпы құны шамамен 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Министрліктің есебі бойынша, бұл қаражат 14,3 триллион сумды құрайды және олардың есебінен 1400-ден астам мектеп салуға болады.

Бұған дейін Гүлнар Кәрімованың Швейцарияда өндіріп алынуы тиіс активтерінің құны шамамен 686 миллион АҚШ долларын құрайтыны хабарланған болатын.

Қазір оның 131 миллион доллары қайтарылып, білім мен денсаулық сақтау саласына бағытталмақ. Бұл үдерісті бақылау үшін құрамында халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, журналистер мен блогерлер бар кеңес құрылды.