Bugin
Брюс пен Брайан Реймер 1965 жылы Канадада дүниеге келген. Жоспарлы медициналық тексеру кезінде ұлдарға хирургиялық ота жасату керектігі анықталады. Сегіз айлық бөбектерге операция жасау барысында Брюстің жыныстық органы зақымданады.
Ата-анасы үрейленіп, гендерлік сәйкестендіру саласында жұмыс істеген әйгілі психолог Джон Маниге жүгінді. Ол ата - анаға қарапайым және тиімді әдісті – Брюс жынысын қыз етіп өзгертуді ұсынады. Шарасыз хәлдегі ата-ана психологтың дегенін орындайды. Брюс 1 жыл 10 айға толғанда Брендаға айналады. Джон Мани өз экспериментіне қатысып жатқан ата-анаға «қолдау» көрсетіп кеңес беруін тоқтатпайды. Дәрігер «жыныс табиғат пен емес тәрбиемен анықталады» деген сандырағын растау үшін Бренданың болмысында болып жатқан алапат қиыншылықтарға көз жұма қарады. Бренда әрқашын өзін ұл ретінде сезініп, көлікпен ойнап, күйзеліс құшағында жүрді. Брюс-Бренда депрессияға түсіп, сыныптастарының мазағына ұшырады. Ата-анасы алаңдаса да, үнсіз қалыбын сақтап шыдықты бұғып қалды. Мұның бәрі отбасы тұтастығына кері әсер етті. Брюстің әкесі маскүнемге айналып, анасы өзіне әркез қолжұмсағысы келіп өмір сүрді. Бірақ доктор Мани бәріне разы кейіпте Брюсті әйелге айналдыру үшін эстрогенді қабылдауын қалады. Брюс ата-анасы тағы операция жасатқысы келетінін айтқанда, өзіне қолжұмсамаққа бекінді.
Близнецы Брайан және Брюс-Бренда Раймеры
Брюс-Бренда 15 жасында шындықты біліп, өмірінің жаңа парағын ашуға бекінді. Кейіпкеріміз Дэвид есімін иемденіп, тестостерон қабылдай бастайды. Жыныс органына пластикалық ота жасап, өзінің биологиялық органына сәйкестендірген. Көп балалы болуды армандаған Дэвид 1990 жылы үш баласы бар әйелге үйленді. Себебі, ол балалы болу қабілетінін айрылған болатын. Оқиға « Happy end» болар ма еді... Дэвидтің отбасы ылғи күйзелістен жапа шекті. Двидтің егізі Брайн антидепрессант қабылдағандықтан қаза тапты. Одан екі жыл өткен соң Дэвидтің жары қалыпты өмірді аңсап, бөлек кетті. Ажырасудың күйігіне шыдамаған Дэвид өзіне қол салып, өмірмен қоштасты. Егіздердің ата-анасы Манидің медициналық экспериментіне құрбан қалыпта қалған өмірін өкінішке өртеніп өткізді.