Bugin

«Самұрық-Қазына» қорының 10 триллион теңге қарызы бар - Сәтқалиев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қанша қарызы бары белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазір қордың жалпы қарызы шамамен 10 трлн. Оның ішінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының қарыздары, ҚТЖ компаниясының және қордың қарыздары үлкен үлесті құрайды», - делінген хабарламада.

«ҚазМұнайГаздың» қарызы тиімді жобалар үшін тартылғаны атап өтілді.

Қордың өз қарызына келсек, қаржы «Қашаған» үлесін сатып алуға тартылды. Бұл үлес «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының базасы мен IPO-ға шығу мүмкіндігін ұлғайтады», - деді Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ағымдағы көлемдегі ҚТЖ қарыздарына компания толықтай қызмет көрсететіні, бірақ сонымен бірге қор компанияға өтімділікті қолдау көрсететіні, атап айтқанда, ҚТЖ компаниясының облигациялары өтелгені түсіндірілді.