Bugin
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке домбыра сыйлады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Қонақжай қазақ жерінде болғанын еске алу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке домбыра сыйлады», - делінген бейсенбі күні хабарламада.
Еске салайық, понтифик Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін келген.