Bugin

Әзербайжан Арменияның қанша аумағын басып алды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әзірбайжан мен Армения бір-бірін бейбіт келісімді бұзды деп айыптайды. Армяндар Әзірбайжан шекарадағы шабуылын қайта бастады деп мәлімдесе, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения қарулы күштері атысты тоқтату режимін бұзды деп мәлімдейді. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC ақпараттық агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Екі елдің шекарасында қақтығыс 12 қыркүйекке қараған түні болды. Армяндар Әзірбайжанмен шекараның оңтүстік бөлігінен қалаларына шабуыл жасалғанын хабарлады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі «Кейбір жерлерде Арменияның ауқымды арандатуына жауап беру шаралары жүзеге асырылып жатқанын» баса айтты.

Сәрсенбі күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян 10 шаршы шақырым аумақты Әзірбайжан басып алғанын айтты.