Bugin

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатының күміс жүлдесін екінші рет жеңіп алды. Бұл туралы bugin.kz порталы  Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме беріп хабарлайды.

«Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Белградта (Сербия) өткен әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегер атанды. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Бақбергенова америкалық Амит Эйлормен кездесті. Жекпе-жек өте тез аяқталды. Қарсылас әп-сәтте басымдылыққа ие болып, нәтижелі қабылдау жүргізіп, ұпайын жоғарылатты. Амит техникалық артықшылықтың арқасында мерзімінен бұрын жеңіске жетті», - деп хабарлады жұма күні Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.

Бақбергенова үшін бұл әлем чемпионаттарындағы екінші «күміс». 2021 жылы планетаның басты турнирінде ол екінші болды.