Bugin
«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының I қорытынды конференциясында Қордың төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық қандай бағыттарға көрсетілетінін айтты, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Ол «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жаңартылған қызметінің тұжырымдамасы мен проспектісі туралы сөйледі.
«Конференцияның қорытынды отырысына жиналғандардың барлығы екі ай ішінде барлық мүдделі тараптардан ұсыныстар жинау бойынша үлкен жұмыс атқарылғанымен келіседі. Барлық ұсыныс Қордың проспектісіне енгізілген. Бірде-бір ұсынысты жіберіп алмау үшін оны бөлек құжатта ерекше атап өттік. Қор қызметінің тұжырымдамасы стратегиялық құжат болып қала береді. Біз Қордың миссиясын, көзқарасын, принциптері мен құндылықтарын жаңарттық. Тұжырымдаманың инновациясын Қор қызметінің бағыттары деп санауға болады, біз алты нақты бағытты анықтай алдық», - деді ол.
Жәмішев атағандай, бүкіл ел бойынша тиісті функционалдық жабдықтармен және инвентарлармен логистикалық жабдықта көмек көрсету қарастырылған.
«Бұл қолданыстағы шешімдерге қарағанда тиімдірек, тұрақты немесе әділетті әлеуметтік мәселелердің жаңа шешімдерін қолдау.Ерекше жағдайларда жеке азаматтарға атаулы көмек көрету бар. Оған медициналық емес себептер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында шетелде емделуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және емделуге мемлекет ұсынбаған дәрілік заттарды сатып алу бойынша Қордың қолданыстағы бағдарламалары кіреді. Бұл жерде біз ерекше жағдайларда жеке тұлғаларға атаулы көмек көрсету мүмкіндігін қалдырамыз. Төтенше жағдайларда жан-жақты көмек көрсету кіреді», - деді ол.