Bugin

Логистика және көлік академиясына оқуға түссеңіз ноутбук сыйлыққа беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Логистика және көлік академиясына ағымдағы жылы ҰБТ-дан 50-60 балл аралығында ұпай жинаған 1000-нан аса түлек оқуға қабылданды.

Шектік балл жинай алмаған түлектер де аталған академияға грант негізінде оқуға тапсыруға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек мемлекеттік грантқа түспеген жағдайда президент, ректор гранты ойнатылады. 

Академияның басты құндылығы – студенттерге білім, жайлылық сыйлау болғандықтан барлық жағдай жасалған.  Студенттер үшін жаңа әрі жайлы студенттер үйі бар. Биыл академия студенттері үшін жатақхана ғимараттарын европалық стандартқа сай жөндеуден өткізді. Академияның бас корпусында заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы білім беру бағдарламасы «В074 – Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және құрылыс» мамандығы ашылды. Биылғы мектеп түлектері аталған мамандыққа оқуға тапсыра алады. Бұл мамандықта оқу арқылы білім алушы мына санаттарда жұмыс істей алады: 

- Темір жолдар, теміржол құрылыстарын салу;

- Көпірлер, туннельдер және метрополитендер салу;

- Жолдар мен аэродромдарды салу;

- Мұнай-газ нысандарының құрылысы.

Академияда басқа да қызықты әрі табысты мамандықтар оқытылады. Егер де Логистика және көлік академиясына оқуға түсер болсаңыз ноутбук сыйлыққа беріледі. Академия туралы басқа да ақпаратты alt.edu.kz парақшасынан біле аласыздар.