Саясат

Мирзоянның Сталинге жазған хаты: 5000 адамды атуға лимит берсеңіз

Мырза-жан емес, Мирзоян!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мирзоянның Сталинге жазған хаты: "...БКП ОК(б)-не Қазақстан бойынша тағы 5000 адамды атуға лимит беруіңізді сұраймыз". Астына Сталин бір-ақ ауыз сөзбен «Қарсы емеспін» деп жазып берген. 

Бұл туралы жазушы Ғаббас Қабышұлының жазғаны да бар: 

«Қызыл  қырғын» деген сөзді естігенде құлағым шыңылдап кетеді. Өзім көрмесем де, естіген, оқыған сұмдықтар санамды шабақтайды. «Түркістан» гәзетінде тәптіштеп жазылып жатқан жәйттер, мысалы, Тілеу Көлбаев мырзаның мақалалары – Кеңес Одағының түкпір-түкпірінде болған қанды, қасіретті оқиғалардың қазақстандық көрінісі, бірақ оларды ертеңгі ұрпақ үшін түгелдей құнды дей алмаймын, өйткені нанымдысымен қатар нанымсызы да бар.  Әлбетте, мәселе менің бағамда емес, ел, халық өмірінің осы саласы  тарихымыздың бір тарауы болып қалуы үшін жазылуында, ал тарих – әділ пайыммен адал жазылса ғана тарих. Керісінше болған жағдайда ол тарихтың өзіне сор болып жабысатыны мәлім. Күні кеше КСРО тарихы, оның қосағындағы Қазақстан тарихы Н. Хрущев, Л. Брежнев дәуірлерінде өзгерістен өзгеріске ұшырап, «жаңартылып, толықтырылып», алдыңғы дәуірді келесісі жоққа шығарып, солардың ыңғайына қарай жазыла берді. Ол құбылыс халыққа моральдік те, материалдық та үлкен ауыртпалық болды. Мысалдың бір мысқалы: Қазақ жерінің астын үстіне шығарған «тың  және тыңайған жерді игеру» тарихымызда әуелі «№1 тыңгер Н. Хрущев» делініп дәріптелсе, ол тақтан ұшырылған соң «№1 тыңгер» деп Л. Брежневті  дәріптеген күлкілі халді бастан кештік.