Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің (ҰҚК) басшылары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов шекарадағы ұрысты тоқтатуға келісті. Тараптар қарулы қақтығысты тергейтін комиссия құратын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Интерфакс басылымына сілтеме жасап.  

Шенеуніктер тәжік-өзбек шекарасындағы Равад бақылау-өткізу бекетінде кездесті. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларымен бірге екі елдің Ішкі істер министрлігі мен шекаралас облыстардың басшылары қатысты.  

«Менің ойымша, алдағы екі сағатта атыс толығымен тоқтатылады», - деді Ташиев.  

Шекарадағы жағдайды Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон да талқылады. Тараптар атысты тоқтату және оқиғаны тексеру үшін комиссия құрудан бөлек, шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жеделдетуге келісті.  

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте басталған. Одан кейін екі елдің шекарашылары үш рет оқ жаудырды. Қақтығыстардың салдарынан бір шекарашы қаза тапты. Екі күннен кейін, 16 қыркүйек күні таңертең екі ел де бір-бірін шекара нарядтарын әскери техникамен атқылады деп айыптады. Тәжікстан әскерилері Баткен облысының Достук ауылындағы мектеп ғимаратын басып алып, Баткен қаласына бірнеше зымырандық қондырғылардан соққы берді. Қырғыз шекарашылары Тәжікстанның «Ляккан» және «Богдари» шекара заставаларына оқ жаудырды. Зардап шеккен 42 адам Баткен облыстық біріккен ауруханасына жатқызылды.