Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Сапар бағдарламасы үлкен жоспарларға толы. Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы пікірсайыстарына қатысуы басты оқиға болмақ», - деді Ақордада.
Сонымен қатар, мемлекет және халықаралық ұйымдар басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттары мен трансұлттық компанияларының басшыларымен, сарапшылық топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда.