Әлем

Си Цзиньпин әскеріне Тайваньды басып алуға дайындалуды тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Қытай басшылығы өз армиясына 2027 жылға қарай Тайваньды күшпен басып алу сценарийіне дайындалуды бұйырды. Бұл туралы Орталық барлау басқармасы басшысының орынбасары Дэвид Коэн мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN басылымына сілтеме жасап. 

Сонымен бірге, АҚШ барлау қызметі Қытай билігі бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ деп есептейді. Тамыздың басында Қытай елдің қорғаныс стратегиясын сипаттайтын Ақ кітапқа өзгерістер енгізді. Жаңа редакцияда Бейжіңнің Тайваньға бақылау орнату үшін әскери күш қолдануға дайын екендігі айтылған. Олар аралдың ешқашан тәуелсіз болмайтынын және бұл бағыттағы кез келген күрес «1,4 миллиардтан астам қытайлықтардың ерік-жігеріне» тап болатынын атап өтті.