Әлем
Атысты тоқтату туралы келісімдерге қарамастан, тәжік тарапы қырғыз ауылдарын атқылап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Тәжікстан тарапынан Баткен облысындағы Достук ауылы минометпен атылды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады. Тәжік тарапы үш миномет экипажынан ауылға оқ жаудырған. Қырғыз Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Баткен облысында орналасқан бөлімшелері жаудың шабуылына тойтарыс беруде.