Әлем
Владимир Путин Украинаның ресейлік елді мекендер мен азаматтық инфрақұрылымға жасаған соққыларына қатаң түрде жауап беретінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Moscowtimes басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштері жалғасып жатқан соғыс аясында «терактілер ұйымдастыруға» және басқа да зияндар келтіруге тырысуда, бірақ Ресей армиясы жауап қайтару шараларын жасап үлгерді.
«Жақында Қарулы Күштер онда бірнеше соққылар жасады. Біз мұны ескерту деп санаймыз. Егер жағдай бұдан әрі дамитын болса, онда жауап анағұрлым ауыр болады», — деді Путин.
Ол шабуылдарды Ресейдің ядролық нысандарының, соның ішінде атом электр станцияларының жанында да ұйымдастыруға тырысқанын, бірақ жағдай «бақылауда» екенін атап өтті.
«Арнайы операция» барысына түсінік бере отырып, Мемлекет басшысы оның мақсаттары түзетуге жатпайтынын мәлімдеді. Алайда, ол шабуылдау әрекеттері «аз қарқынмен жүріп жатқанын» мойындады.