Bugin

Павлодар облысының 13 мектебі қазақ қайраткерлерінің есімдерін алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысының 13 мектебі қазақтың көрнекті қайраткерлерінің есімдерін алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Атап айтқанда, үкімет келесі білім беру ұйымдарын бекіту туралы шешім қабылдады:

1) Әлихан Бөкейхан атындағы «Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі» КММ;

2) Малайсара батыр атындағы «Павлодар қаласының No 1 орта мектебі» КММ;

3) Рафиқа Нұртазина атындағы «Павлодар қаласының № 23 орта мектебі» КММ;

4) Аманжол Шамкенов атындағы «Павлодар қаласының No 16 мектеп-лицейі» КММ;

5) Шапық Шокин атындағы «Павлодар қаласының No 9 орта мектеп-гимназиясы» КММ;

6) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы «Павлодар қаласының No 28 орта мектебі» КММ;

7) Мәшһүр Жүсіп атындағы «Павлодар қаласының № 19 орта мектебі» КММ;

8) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі № 34 орта мектебі» КММ;

9) Жұмабек Тәшенев атындағы «Павлодар қаласының No 37 орта мектебі» КММ;

10) Ыбырай Алтынсарин атындағы «Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі» КММ;

11) Абай атындағы «Ақсу қаласының No 2 орта мектебі» КММ;

12) Қаныш Сәтбаев атындағы «Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» КММ.

«Павлодар облысы білім басқармасының Екібастұз қаласы білім бөлімінің «Комсомольская орта мектебі» КММ Павлодар қаласы білім бөлімінің Екібастұз қаласы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебі» КММ болып қайта аталсын», - делінген құжатта.