Спорт
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
- Трилогиядан кейін карьераң жалғаса ма?
- Әрине, үлкен жоспарларым бар. Көптеген қарсылас қарастырып қойдым. Канело мен барша бокс фанатын құттықтаймын. Орта салмақта үш белбеуім барын ұмытпаңдар. Мен ораламын. Мен әлі чемпионмын, жігіттер.