Әлем

Байден Си Цзиньпинді қорқытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай санкцияларды бұзып, Ресей президенті Владимир Путинді қолдайтын болса, АҚШ пен ЕО инвестицияларын жоғалтады. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге соғыс басталғаннан кейін ескерткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

«Мен бұл сөзді Си Цзиньпинді қорқыту үшін айтқан жоқпын, тек оған: «Егер сіз американдықтар мен басқалар Ресейге салынған санкцияларды бұзғаны үшін Қытайға инвестиция салуды жалғастырады деп ойласаңыз қателесесіз. Бірақ бәрі өз шешіміңізге қарай», - деді Байден CBS арнасының «60 минутына» берген сұхбатында.  

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, екі ел басшылары арасындағы әңгіме наурыз айында болуы мүмкін. Алты ай өтсе де Қытайдан Ресейге материалдық қолдау көрсетудің нышаны байқалмайды.

«Әзірге олардың қару-жарақ немесе Ресейге қажет басқа нәрселерді ұсынғаны туралы ешқандай белгі жоқ», - деді Байден.  

Дегенмен, Ақ үй Азия елдерінен келетін жартылай өткізгіштерге тәуелділікті азайту шараларын қабылдады және АҚШ-тағы шетелдік инвестицияны бақылауды күшейтті. Бұл Қытаймен экономикалық байланыстардың шиеленісуіне әкелді.