Bugin
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 19 қыркүйекті ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Қырғызстан мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатта бүкіл ел бойынша жалпыұлттық аза тұту күні, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай ілінетіні атап өтілген. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылады.