Bugin
Ресей әскерлері дүйсенбі күні таңертең Николайев облысындағы Оңтүстік Украинаның атом электр станциясына шабуыл жасады. Бұл туралы bugin.kz порталы Украинаның ядролық энергия өндіруші Энергоатом мемлекеттік компаниясына сілтеме беріп хабарлайды.
Атом электр станциясының реакторлары зақымданбаған, делінген хабарламада.
«Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭС-тің үш энергоблогы да қалыпты жұмыс істеп тұр. Бақытымызға орай, станция қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ», - делінген Энергоатом хабарламасында.
Снаряд түн ортасында энергоблоктардан 300 метр жерде жарылып, артында диаметрі 4 метр және тереңдігі 2 метр кратер қалды. Жарылыс электр станциясының ғимараттарын зақымдады. Соққы толқыны 100-ден астам терезені сындырды.
Шабуыл жақын маңдағы су электр станциясы мен электр желілеріне де зақым келтірді.
«Ресей бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Біз мұны кеш болмай тұрып тоқтатуымыз керек», - деді Украина президенті Владимир Зеленский Telegram желісіндегі шабуылға қатысты.
Украинаның айыптауына Ресей тарапынан бірден реакция болған жоқ.