Bugin

Қазақстанға 523 миллиард теңгеден астам мүлік қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуырда Бас прокуратурада экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл жөніндегі Комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Күн тәртібінде мұнай өнімдерінің, сұйытылған мұнай газының айналымы және оларды тасымалдау мәселелері қаралды. Осы мәселені егжей-тегжейлі талқылау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК АҚ ұлттық компаниялардың басшылары шақырылды.

Бүгінгі таңда мемлекетке жалпы сомасы 523 млрд теңгеден астам залал мен қайтарылған активтер өтелді:

Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке шамамен 518 млрд теңге өтелді, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан – 173 млн АҚШ доллары;

Прокурорлық актілер бойынша 5 млрд теңгеден астам сомаға 75 мың га жер мемлекетке қайтарылды;

600-ден астам темір жол және соған байланысты жер учаскелері.