Bugin

Ердоған: Ешбір басшы өзінің қателігін мойындағысы келмейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған америкалық PBS телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Ол сұхбатында Владимир Путин (оны «қымбатты досым» деп атаған) соғысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысатынын айтты. Бұл туралы олар өткен аптада Самарқандта ШЫҰ саммитінде сөйлескен.

«Өзбекстанда мен президент Путинмен кездестім, біз онымен жағдаятты егжей-тегжейлі талқыладық. Ол маған мұны мүмкіндігінше тезірек аяқтауға дайын екенін көрсетті. Бұл менің әсерім болды, өйткені жағдай өте проблемалы болып жатыр», - деді Түркия президенті.

Басқыншылық басталғаннан кейін Ресейге Украинадан алынған аумақтың бір бөлігін қалдыруға рұқсат беру керек пе деген сұраққа Ердоған: «Жоқ, сөзсіз», - деп жауап берді. «Егер Украинада бейбітшілік орнайтын болса, әрине, басып алынған жерлерді қайтару өте маңызды болады. Бұл – қажет. Путин мырза белгілі бір қадамдар жасады. Біз белгілі бір қадамдар жасадық», - деп атап өтті. Түркия президенті нақты қандай қадамдар екенін айқындамай жауап берді.

«Басып алынған жерлер Украинаға қайтарылады», - деп қосты ол. Қырыммен не істеу керектігі туралы нақтыланған сұраққа жауап берген Ердоған 2014 жылдан бері аннексияға қарсы болғанын еске салды: «Біз одан (Путиннен) Қырымды заңды иелеріне қайтаруды өтіндік. (...) Бірақ содан бері, өкінішке орай, ештеңе болған жоқ. бір қадам алға жасалды».

Путиннің қате есептегенін және украин халқының өз елі үшін күресуге деген ерік-жігерін тым төмен бағалағанын мойындай ма деген сұраққа Ердоған: «Ешбір басшы өзінің қателескенін мойындағысы келмейді. Ешкім «иә, мен қателестім» деп айта алмайды» деп жауап берді. «Басшылардың шегінуі өте қиын.Ешқандай басып кіруді ақтауға болмайды», - деді Түркия басшысы.