Bugin
Іскерлік топ өкілдерімен бірқатар кездесулер аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Іс-шараға америкалық ірі компаниялардың басшылары қатысты: Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, Procter & Gamble, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, Private Equity Fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix.
Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде Әділ Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі айтты.
Ол сондай-ақ бұл кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуда практикалық қадам болатынына сенім білдірді. Тоқаев еліміздің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпарат берді.0
Атап айтқанда, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика секторларында, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы.
Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы стратегиялық экономикалық әріптестік алдағы уақытта да барлық салаларда әртараптандырылыпп, кеңейе беретінін баса айтты.
«Менің командамның инвестицияларды жеңілдетуде үлкен тәжірибесі бар, бұл сіздің компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуда практикалық қадам болады деп сенемін», - деді Тоқаев.