Bugin

Қазақстан темір жолы Huawei-мен бірігіп цифрландыру жүргізбек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Huawei Technologies Kazakhstan" ЖШС-мен бірігіп ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында ҚТЖ-ның ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымы дамыту, Big Date және ғаламтор, жасанды интеллект сынды инновациялық технологияларды жасау бойынша бірлесіп жұмыстар атқарылмақ.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ теміржол тасымалы, транзиттен өткізу режімі, жалпы тасымалдау қызметтерінің сапасын жақсартып, жүйесін біріктіретуге бағытталған озық цифрлық технологияларды енгізу мен дамытуға ерекше назар аударады. Компаниялар арасындағы ынтымақтастық әлеуеті технологиялық процестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан темір жолдарында заманауи инновациялық технологияларды бейімдеуге, сондай-ақ қызметтер сапасының ең жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік береді", - деп дерек келтіреді ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ-ның Стратегия және цифрландыру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжановтың айтуынша, мәліметтерді беру желісін жаңғырту және озық технологияларды қолданудың арқасында қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін, тасымалдау процесінің тиімділігін және еңбек өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Аталмыш уағдаластықтың арқасында қазақстандық ҚТЖ мен Huawei компаниялары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында белсенді ынтымақтасуға және оларды енгізілетін озық технологияларды тиімді пайдалануға барынша тартуды қамтамасыз етуге ниетті.

"Теміржол жұмыс процестеріне коммуникациялық технологияларды интеграциялау өндірістік мүмкіндіктердің сапасын жақсартуға, клиентпен байланысты арттыруға және барынша пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді  "Huawei Technologies Kazakhstan" ЖШС Бас директоры Макс Чжао Сюй

Оның айтуынша, Huawei компаниясы ҚТЖ цифрлық трансформациясын қолдауға қуанышты. Қазақстан темір жолдарын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға көмектесуге ұмтыла отырып, шетелдік компания жасанды технологиялардың жақсы түрлерін ұсынбақ. Қауіпсіз, ақылды және тиімді теміржол көлігі жүйелерін құру үшін жасанды интеллект қызметтер мен байланыс қызметтерін жақсартпақ.