Bugin

НАТО Путиннің референдумын мойындай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Йенс Столтенберг . © РИА Новости / Алексей Витвицкий

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Мәскеудің оккупацияланған Украина территорияларында жалған референдумдар өткізетінін жариялауын қақтығыстың артуы деп сипаттады. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда – басқа елдің аумағында өткізілетін «референдумдар» заңды күшке ие болмайды және тек «Путин соғысының шиеленісуі» қызметін атқарады.

«Жалған референдумның заңдылығы жоқ және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиялық соғысының сипатын өзгертпейді.«Халықаралық қауымдастық халықаралық құқықтың бұл өрескел бұзылуын айыптап, Украинаға қолдауды күшейтуі керек», - деп жазды Столтенберг твиттерде.

Сейсенбі күні өз-өзіне тәуелсіздік  жариялаған ЛХР мен ДХР қыркүйектің 23-і мен 27-сі аралығында Ресейге қосылу туралы «референдумдарды» өткізу туралы шешімін жариялады. Біраз уақыттан кейін Херсон және Запорожье облыстарының басып алынған бөліктерінде дәл осындай «референдумдарды» өткізу туралы жергілікті оккупациялық билік хабарлады.