Әлем
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Халық-азаттық армиясына (ПЛА) «нақты ұрыс қимылдарына қатысуға дайындалсын» деген бұйрық берді. Қытай басшысы Бейжіңдегі Ұлттық қорғаныс және әскери реформа конференциясына қатысушыларға осындай нұсқау жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EADaily-ге сілтеме жасап.
«Реформаның табысты тәжірибесін саналы түрде қорытындылау және қолдану, жаңа жағдайды меңгеру және міндеттерді түсіну, соғысқа дайындыққа назар аудару, сонымен қатар зерттеу мен жаңашылдыққа батылдық қажет», - деді Қытай басшысы.
Сондай-ақ армияны реформалау мақсатына жету жоспарын қатаң сақтауды тапсырды. Конференцияға ҚХР Орталық әскери кеңесінің, халықтық қарулы милицияның және әскери оқу орындарының жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ ҚКП ОК Саяси бюросының мүшелері қатысты.
Си Цзиньпиннің бұйрығы Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі аясында шығарылды.
Бұған дейін Пекин өз мемлекетінің егемендігін қорғау үшін «барлық қажетті шараларды қабылдауға» дайын екенін мәлімдеген. Мұндай мәлімдеме АҚШ президенті Джо Байденнің Тайваньды қорғау үшін американдық әскерді пайдалану туралы уәдесіне жауап ретінде жасалды.