Өнім
Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 20 000 теңгелік ескерткіш банкноттың қолма-қол ақша айналысында пайдаланылуына қатысты жауап берді. Бұл туралы bugin.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды .
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген 20 000 теңгелік естелік банкнот 2021 жылдың 1 желтоқсанында шектеулі тиражбен айналымға шығарылды және мерейтойлық болып табылады. Ұлттық банктің мәліметінше, Ұлттық банк шығарған ескерткіш банкноттардың қолма-қол ақша айналысындағы үлесі айналыстағы (жай) банкноттармен салыстырғанда елеусіз (айналымдағылардың бір пайызынан аз).
«Естелік және мерейтойлық банкноттардың айналым мерзімі белгіленбеген. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және олар табиғи түрде тозғандықтан айналыстан алынады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, олар барлық басқа да мерейтойлық банкноттар сияқты төлемдердің барлық түрлері, банк операциялары мен аударымдары үшін қабылдануы тиіс», - деді Ұлттық банк.