Қоғам
Америкалық режиссер Оливер Стоунның Назарбаев туралы фильмі Елбасы қорының есебінен қаржыланды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Мемлекеттік киноны қолдау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл фильмді түсіруге Мемлекеттік киноны қолдау орталығы жәрдемдескен.
Стоунның бұл фильмді Назарбаев қорынан бөлінген қаржыға түсіргені туралы ақпаратты тергеуші-журналист Михаил Козачков тамыз айының соңында хабарлады.
Мемлекеттік киноны қолдау орталығы құзырлы органдардың сауалына жауап ретінде олар 2019 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен «Оператор ұсыну туралы» келісім жасасқанын растады.
«Оливер Стоунның деректі фильмі – Қазақстан» жұмыс атауымен фильмді шығаруды, көрсетуді және таратуды ұйымдастыру бойынша қызметтерге келісім жасалған. Келісімшарттың жалпы сомасы 2 712 360 000 теңгені (немесе 7 миллион доллар) құрады».
Дереккөз: Власть сайты