Bugin
Украина президенті Владимир Зеленский Путин онымен келіссөз үстеліне ешкім отырмайтындай қадам жасап келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Bild сайтына сілтеме жасап.
Зеленский Путинмен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туралы сұраққа: «Менің ойымша, бұл мүмкіндіктер біртіндеп азайып барады. Путиннің өзі келіссөздер үстеліне онымен ешкім отырмайтындай қадам жасап келе жатыр».
Ол егер Ресей басқыншылары Украина аумағын тастап кетсе, Путинмен келіссөздер жүргізуге болады деген пікір білдірді.
«Егер олар біздің аумақтарды тастап кетсе, біз келіссөздер үстеліне отыра аламыз деп ойлаймын... Олар біздің аумақтарымызды тастап кететін болса, әрі қарай біздің аумақтық жағынан көршіміз болып қала береді. Осы сәтте біз келіссөздер үстеліне отыра аламыз», - деді Зеленский.