Әлем

Қырғызстан Тәжікстанды ҰҚШҰ-дан шығаруды ұсынып отыр  

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жарғысын қайта қарап, басқа одақтас елге күш қолданатын мемлекетті алып тастау керектігін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Бұл жерде ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Ресей Федерациясы кіретінін айта кеткен жөн. 

«ҰҚШҰ елдері арасында туындайтын барлық мәселелер бейбіт жолмен шешілетіндей ереже енгізу керек. Егер біреу мәселені күшпен шешеміз деп үміттенсе, біз оны ұйымнан шығаруды ұсынамыз. Мүше болған кезде бұл не үшін қажет? Біздің елдерге ҰҚШҰ жарғысының кейбір бөліктерін оның құрамынан қатысушылар пайдаланатын осындай бөліктерді алып тастау үшін қайта қараудың уақыты келді. Әйтпесе үйымға мүше елдер біріне-бірі қоқан-лоққы жасауда», - деді Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов.  

ҰҚШҰ жарғысында қатысушы елдер арасындағы дауларды шешудің ешқандай тетігі қарастырылмағаны белгілі болды.