Өнім

Әлем тарихындағы ең күлкілі соғыстар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамдар не үшін соғысады? Бір маңызды себептер үшін деп бәріміз де ойлаймыз. Дегенмен түкке түрғысыз себеп үшін соғысу оқиғалары да кездеседі. Сенбейсіз бе? Онда назарыңыз бізде болсын!

Иттен басталған соғыс

dzen.ru

Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропада өшпестей із қалдырды. Мәселен, қақтығысқа қатысқан гректер мен болгарлар бейбіт тіршілікте де бір-бірін кешіре алмады. Әсіресе, шекаралас аудандардағы жағдай шиеленісе түсті. Сондықтан 1925 жылы 22 қазанда грек солдаты Болгария аумағына қарай өткен итті қуып бара жатқанда, оны болгар шекарашысы атып өлтіреді.

Грекия тарапы мұны жауапсыз қалдырмайды. Келесі күні грек әскерлері жау аумағына басып кірді. Олар гарнизонды қиратып, шекара заставасын басып алады. Қуанышқа орай, оқиға ушықпай аяқталды. Әлемдік қауымдастықтың ықпалымен Грекия өз әскерін шығарып, Болгарияға өтемақы төледі. Қарапайым ит қуудан басталған әрекет, адам қанын төгумен аяқталған. 

Қауырсынды агрессорлар

Қақтығыс тек адамдар арасында бола ма? Жоқ, әлбетте. Қақтығыс тек адамдар арасында емес, адамдар мен құстар арасында да болуы мүмкін. Мысалы Австралияның қорғаныс министрлігі құстармен шайқасқан. Аптап ыстыққа байланысты аш қалған бір топ түйеқұс шаруалардың егісіне лап қояды. Егіндегі өнім зақымданатындықтан арнайы әскери операция ұйымдастырылады. Қолбасшы майор Джордж Мередиттің отрядына басқыншыларды жоюға бұйрық беріледі. Екі пулемет пен жеке қарулары бар, мұздай қарулы жауынгерлер үшін бұл тапсырма өте ауыр болып шықты. Себебі аса жылдам қозғалатын құстар өзіне оқ дарытпай, сарбаздарды сарсаңға салады.

Соғыс бір аптаға жалғасса да,  сарбаздар жақсы нәтиже көрсете алмады. Жиырма мың түйеқұстың шамамен жүзі ғана өлтірілді. Елеулі табысқа жете алмаған Қорғаныс министрлігі операцияны тоқтатады.  

Шелекке талас

Фото: dzen.ru

Жеріне, құнды байлығына байланысты соғысу – қалыпты. Дегенмен келесі кейіпкерлеріміз шелек үшін соғысқан. 1325 жылы  Модена мен Болонья қала-мемлекеттері бір-бірімен бәсекелесетін. Бірақ бейбіт өмір сүретін. Модена сарбаздары бір күні Балоньяға шабуылдайды. Басқыншылар жол бойындағы құдық шелегін өздеріне ала кетеді. Балонья бұл ұрлықты «бұрын-соңды болмаған қылмыс» деп бағалап, соғыс жариялайды. Тараптар 12 жылдан кейін ғана бейбіт өмірге оралады.