Өнім

Бауыржан Байбек жемқорлыққа байланысты күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Elmedia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігін басқарған кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.
Бұл ретте әзірге басқа мәліметтер жоқ екені атап өтіледі.

Байбек 2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматы қаласының әкімі болған, оған дейін 2013 жылдың қаңтарынан бастап «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясының бірінші орынбасары, одан бұрын, 2009 жылдың тамызынан бастап Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Еске салайық, 9 маусымда Байбекті Түркияда көрінгені хабарланды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, Байбек Қазақстаннан шығып бара жатып, отбасымен Дубайға ұшаққа билет алған. Алайда оның 14 күннен кейін қайту мерзімі өтіп кеткен.