Өнім
Қылмыстың өтеуі – жаза. Десек те, жыл сайын жазасын алған тұтқындармен қатар «судан құрғақ шығар» қылмыскерлер де бар. Яғни қылмыстың қалай орын алғанын ешкім де таба алмайды. Жылдар, ғасырлар өтсе де әлемнің әр түкпірінде осылай себебін ешкім таппаған істер жеткілікті. Bugin.kz порталы назарларыңызға құпия қылмыстарды топтастырып ұсынады!
II Дагобертке жасалған қастандық
Дереккөз: imgix.net
Біздің эрамызға дейінгі 7 ғасырда Астрасияны билеген король II Дагоберт кісі өлтірушінің қолынан жаны үзілген бірінші патша емес еді. Алайда, ол өлтіруші табылмаған санаулы басшының бірі ретінде тарихта қалды. Дагоберт Астразияны 675 жылдан бастап басқарған. Әрі мемлекетті өте қатал формада билеген. Ол қараға да ақсүйекке де талапшыл қарап, өзінің бұйрығын қатаң орындататын. Бәлкім ол осы әрекеті арқылы өлімін жақындатып алған болар. Бірде ол Верден маңындағы орманда аң аулауға шығады. Ол демалып, ұйықтап жатқанда біреу оның басына найза шаншып өлтіреді. Қылмыскер табылмайды. Патшаны майор Эброим өлтірген деген болжам бар. Жалпы, II Дагоберттің өлімі әлі күнге дейін тарихи жұмбақ.
Джозеф Бон Элвеллдің өлімі
Дереккөз: imgix.net
Джозеф Элвелл 1920 жылдары Нью-Йорктің «Казановасы» болды. Жүректерді жаулап алушы «Дон Жуанға» ғашық ж әйелдер, соның ішінде жоғары қоғам өкілдері көп болды. Ол музыкалық шығармаларды шебер орындайтын, бір сөзбен айтқанда, джаз дәуірінің нағыз Джеймс Бонды еді. Оның өлімі де «Бонд рухында» жұмбақ болып шықты. 1920 жылы 11 маусымда қызметші оның денесін кеңсесінде ауыр жараланған күйде тапты. Элуэлл ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Үстелдің жанында жатқан 45 калибрлі оқ оқпандары мен жараның сипаты оқтың жақын қашықтықта атылғанын көрсетті. Яғни кісі өлтіруші Элвеллге жақын жерде тұрып, шүріппені басқан. Бөлмеде гильзадан басқа із қалмаған. Полиция бір ғана қорытындыға келді: Элуэлл өлтірушіні жақсы танып, үйіне өзі кіргізген. Оны қызғаншақ «ғашықтарының» бірі өлтірді деген қауесет тарады. Бірақ нақтысын ешкім білмейді.
Ламбс Гаптағы құпия
Дереккөз: imgix.net
1924 жылы 17 мамырда Ламбс Гап қаласына жақын жерде жергілікті тұрғындар орманда тоқтап тұрған көліктен ер адам мен әйелдің мәйітін тапты. Оларды аңшы мылтығымен атып өлтірген. Олар Мэрисвилл тұрғыны Гарри Ганстер және жергілікті мұғалім Лия Элленберг екені анықталған. Жастар махаббат сезімімен жүректерін байлап, сөз байласқан. Олардың романтикалық хикаясы ешкімге құпия емес еді. Бұл күні ерлі-зайыптылар орманға гүл теруге барған. Жастарды кім және не үшін өлтірген? Мүмкін бұл Леяның жасырын жанкүйері немесе кездейсоқ контрабандашы болды ма? Полицейлер қылмыскерді жылдар бойы іздегенімен, бұл істің анық-қанығын аша алмай келеді.
Вирджиниялық студент қыздардың өлімі
Дереккөз: imgix.net
1970 жылдың 18 қаңтарда Батыс Вирджиния университетінің екі студенті Маред Маларик пен Карен Феррелл автобустан кеш қалған соң, өтіп бара жатқан көлікті ұстауға шешім қабылдайды. Оларды соңғы рет орта жастағы ер адам тізгіндеген ақшыл сары түсті Chevrolet көлігінде көрген. Осыдан кейін қыздар жоғалып кетеді. Сәуірдің 6-сы күні полицияға қыздардың Шайтанның атынан өлтірілгені және олардың денесі Моргантаунның оңтүстігінде жерленгені туралы анонимді хат келген. Хаттың авторы ешқашан табылмайды. Бірақ мәйіттер тасқа көмілген күйде табылады. Екі қыздың да басы кесілген. Хаттың жұмбақ авторы сияқты өлтірушілер ешқашан табылмайды. Қыздар шынымен сатанистердің құрбаны болды ма, ешкім білмеді.
(Жалғасы бар)...