Спорт
Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Францияда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Парижде өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орын иеленді. Ол атқа мінуден күміс медаль алды. Жеңіс тұғырындағы орын оған 14,450 ұпай әкелді», - делінген хабарламада.
Бірінші болып ирландиялық Рис МакЛенаган (15.100) атанды. Үшінші орын тайпейлік Шао Ю Янға бұйырды (14,350).