Өнім

Алматы марафоны қайғылы жағдаймен аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Алматы марафонында бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Алматы марафонының ресми парақшасындағы ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
47 жасар Рүстем Садықов 10 км қашықта жүгіріп, мәре сызығын кесіп өткеннен кейін жантәсілім еткен.
«Біз оған бірден көмек көрсеттік. Алғашқы көмекті Қызыл Ай қоғамының еріктілері көрсетті. Әрі қарай жүрек-өкпе реанимациясын қалалық жедел жәрдем станциисының қызметкерлері жасады. Бастапқыда жүрек жұмысы қалпына келтірілген, синус ырғағы пайда болды. 2 минутытан кейін жүрек ұстамасы қайта басталды. Реанимацииқ шаралар 30 минутқа созылды. Оның  соңғы 10 минуты жедел жәрдемде жүргізілді. Науқас 10:15-те жантәсілім етті. Қазаның ресми себебін сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана атауға болады»,- деді жарыстың бас дәрігері О. Сахов.

Марқұм осыған дейінде марафондарға қатысып жүрген. Ол Samruk Energy және QazaqGaz компаниясының тәуелсіз директоры болып шықты