Әлем

Британ барлауы: Ресейде әскерге шақырылғандардың күні не болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британ барлауы Ресей мобилизацияға шақырылғандарға не істейтіні туралы жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.

Ресейдегі мобилизация шеңберінде шақырылған адамдардың алғашқы топтары әскери базаларға келе бастады. Қазірдің өзінде он мыңдаған адамға сотқа шақыру қағаздары берілген. Енді Ресей әскерлерін дайындауға байланысты әкімшілік және материалдық-техникалық мәселелерге тап болады.

Ресей қарулы күштері сарбаздардың бастапқы даярлығын арнайы оқу орындарында емес, өздеріне бекітілген жедел бөлімшелерде жүргізеді. Әдетте, ресейлік әрбір бригададағы бір батальон гарнизонда қалады. Егер горнизонға қосымша екі батальон орналасса, әскерге жаңадан шақырылғандарды оқытуға жаттықтырушылар құрамын қамтамасыз ете алады. Алайда Ресей осы үшінші батальондардың көбін Украинаға жібереді.

Әскерге шақырылғандардың көбінің әскери тәжірибесі болмаған. Әскери нұсқаушылардың жетіспеуі себебінен Ресейдің мобилизацияға асығыс шақырылған әскерлердің көпшілігі майдан шебіне аз дайындықпен аттанады деген болжам бар.