Bugin

Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Елордалық сот белгілі кәсіпкерге қатысты қамауға алу мерзімін ұзартқанын хабарлады.

«2022 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С.Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - деді Астана сотының баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін тергеу бастады.