Қоғам
Қазақстанда шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға елде уақытша немесе тұрақты тұру құқығын беру ережелері өзгереді. Жоба Open NLA порталында пайда болды,-деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Ұсынылған өзгерістер өтінішті көрсетілетін қызметті беруші немесе мемлекеттік корпорация арқылы беруге әсер етті. Қажетті құжаттар тізіміне шетелдік төлқұжат қосылды. Бұрын ұлттық төлқұжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы талап етілетін. Осылайша, нормалар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
«Шетелдік паспорт – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы таныған құжат»,- делінген.
Сондай-ақ, енді сотталмағандығы туралы құжат құзырлы органның уәкілетті қызметкерінің қолы қойылған және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен расталған қағаз түрінде ұсынылуы тиіс. Жаңа ереже бойынша басып шығарылған электронды анықтаманың заңды күші болмайды. Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылды.