Weekend

Шығыс Қазақстанда аюлардың шабуылы басталды

Аймақтағы маймақтар бақылаудан шығып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысындағы өңілерде аюлардың елді-мекендерге келуі жиіледі,-деп хабарлайды Bugin.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

 

Мамандардың айтуынша, аюлар жыл сайын көбейіп, олар тіпті қараусыз қалған. Облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, аюларды қазір ешкім бақыламайды. Тіпті жыл сайын аңшыларға берілетін 75-80 аю ату лимиті де ұзақ жылдар бойына өзгермеген.

Заң бойынша аюларды тек қауіпті жағдайларды тудырғанда (елдің мазасын алса, мал-жанға тиіссе) атып алуға рұқсат етілген.

ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы Василий Ткаченко:

«Аюлар жыл санап көбейіп барады. Сондықтан, олардың санын нақтылау керек. Өйткені, аю қазан айында ініне кіріп, ұйқыға кетеді де, көктемде бір-ақ шығады. Жыртқыштардың малды үркітіп, омартаның ойранын шығарып, ауылдағылардың үрейін алғанын осы кезде ғана көреміз.»