Bugin

Қанша ресейлік Қазақстанда қалуға өтінім берді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов қыркүйек айының 1-24 күндері аралығында 896 шетелдік Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхатын алуға өтінім бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq-uni сайтына сілтеме жасап.

«Биыл 1 мен 24 қыркүйегі аралығында 896 мың шетел азаматы тұрақты тұру ықтиярхатын алуға жүгінді. Оның ішінде Ресейдің 115 азаматы бар. Ішкі істер министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен және шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңға сәйкес рұқсат алған шетелдіктер Қазақстанда тұрақты тұрушы деп танылады», - деді Аслан Аталықов ІІМ баспасөз қызметіндегі брифинг барысында.

ІІМ өкілінің айтуынша, ықтиярхат рәсімдегенде шетелдік азаматтың Қазақстанда тұру мерзімі ұлттық паспортының қолданылу мерзімімен белгіленеді.

«Қазақстанда қалуға рұқсат алудың барлық негізі Көші-қон туралы заңның 49-бабында егжей-тегжейлі жазылған. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда шетелдік 30 күн ішінде Қазақстаннан тыс жерге кетуге тиіс. Ал рұқсат беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда шетелдік тұруға ықтиярхат рәсімдейді. Оның мерзімі ұлттық паспортының қолданылу мерзімімен белгіленеді», - деп түсіндірді ол.