Bugin

Қайрат Сатыбалды бас бостандығынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KazTag басылымына сілтеме жасап.

«Сатыбалдыұлы 28-батың 3-бөлігі, 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы, 195-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырыла отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деп Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметов үкімді оқыды.

Судья жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуді тағайындау туралы шешім қабылдады.

«Сатыбалдыұлын ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры шенінен, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы Президентке ұсыныс енгізілсін», - деді судья.