Bugin
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылғаны туралы ақпарат таралуда. Барлық қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады, деп қосты ҰҚК.
«Ресей тарапынан бақылау-өткізу бекеттерінің жабылғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ», - деп қорытындылады комитет.