Bugin

Тоқаев Путинге көңіл айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы №88 мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін қолдау ретінде жеделхат жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Мен Ижевск қаласындағы №88 мектепке адамгершілікке жатпайтын шабуылдың салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза болуы туралы қайғылы хабарды қатты өкінішпен қабылдадым. Орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңілайтамын, сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Путинге жолдаған жеделхатында.

26 қыркүйекте күндіз Удмурт астанасы Ижевск қаласындағы №88 мектепке ер адам келіп, сол жерде оқ жаудырған. 11-і балалар болған 15 адамды өлтіріп, 24 адамды жаралаған шабуылшы өз-өзіне қол жұмсады. Кейбір мәліметтер бойынша, ер адам шизофрения диагнозымен есепте тұрған.