Өнім
Қазақстан мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін ең танымал бағыттардың бірі. Бұл туралы bugin.kz порталы BBC ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.
Қазақстанның шекара қызметінің мәліметінше, 20-23 қыркүйек аралығында небәрі үш күннің ішінде Батыс Қазақстан облысына тоғыз мыңға жуық Ресей азаматы келген. Адамдар шекарадан өту үшін ұзын-сонар кезекке тұрады. Қазір Ресеймен шекаралас Қазақстан қалаларында баспана табу мүмкін емес.
Қазақстандағы Оралдағы CinemaPark кинотеатрының басшылығы ресейліктерді кинозалға түнеуге шақырды.
«Адамдар шынымен қорқып, абдырап қалды. Түнгі 23:00-ден бастап адамдар келе бастады. Алғыс айтып, күні бойы кезіп жүріп, түнде баспана таппай жүргендерін айтты. Бір залды босатып, шай ұйымдастырдық, еріктілер ыстық шай әкелді. Сонымен, біз төрт залға 200 адамжды орналастырдық», - деп келтіреді кинотеатр директорының сөзін жергілікті БАҚ.