Спорт
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында «Локомотивтен» басым түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Ярославльдегі матч 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның негізгі және қосымша уақытында ешкім ұпай жинай алмады (0:0). Бұған дейін қазақстандықтар ҚХЛ тарихында ешқашан «Локомотив» алаңында жеңіске жеткен емес.
Екі кезеңнен кейін де командалар гол соққан жоқ. «Барыс» үш рет аз құрамда ойнады. Иван Мищенко мен Кристофер Биграс айыппұл жолағын алып, ойыннан шығартылды. Ал тағы бір кезеңде қазақстандық команда артық ойыншыны алаңға шығарғаны үшін командалық айыппұл алды.
Тек үшінші кезеңнің дебютінде қазақстандықтар толық құрамда ойнады. Буллит сериясында «Барыс» жеңіске жетті.
«Барыс» 28 қыркүйек Мәскеуде «Спартакпен», 2 қазан Астанада «Сочимен» және 4 қазан «Нефтехимикпен» кездеседі.