Bugin

Смайылов кешегі жиналыста айтылған сөздерін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында кешегі айтылған сөздерін қоғамда кейбір адамдар дұрыс түсінбегеніне жеткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Кешегі жиналысқа байланысты қоғамда кейбіреулер, дұрыс түсінбегендер бар. Осыған орай айтайын дегенім, шетел азаматтарына қызмет заң аясында көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттемелерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздан жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге, арендалық тұрғын үй бағаларының өз азаматтарыныз қиын жағдайға тап болып отыр.

«Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін басымдық. Барлық кәсіпорындлар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал мигранттар белгіленген заңнама шеңберіде ғана жұмыспен қамтылады, еңбек ете алады. Жағдай біздің күнделікті бақылауымызда», – деп түйді ол.