Bugin

Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: widewp.ru

«Қазгидромет» РМК 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, қыркүйектің соңғы аптасында елімізде нағыз күзгі ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 

Мамандардың мәліметінше, алдағы тәуліктерде ел аумағына суық антициклон әсер етеді. Салдарынан республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Сондай-ақ аталмыш аймақтарда көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Одан бөлек синоптиктер еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін төмендейтінін, ал күндіз 1-6 градусқа дейін аздап жоғарылайтынын атап өтті. Дегенмен республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз 15-23 градусқа дейін жылы болмақ.